2024 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Есимсиитова Зура БүркітқызыFarabi University

2024 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Есимсиитова Зура Бүркітқызы

26 желтоқсан, 2024

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биоәртүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Есимсиитова Зура Беркутовна «2024 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды. Байқауға еліміздегі 90 жоғары оқу орнынан 946 үміткер қатысып, 150 үздік оқытушының қатарынан Зура Беркутовна да болды.

Зура Беркутқызының 25-тен астам түрлі ғылыми-әдістемелік тренингтер мен семинарлар, соның ішінде халықаралық сертификаттары бар. «2012 жылдың үздік университет оқытушысы» атағының иегері, Мәскеу Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шешімімен Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры ғылыми атағы және «Ғылым және білім берудің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. жұмысындағы жоғары кәсібилігі үшін Еуропалық Алтын медалімен және Еуропалық ғылым және өнеркәсіп палатасының дипломымен марапатталған. Сонымен қатар, ол Scopus және Web of Sciences мәліметтер базасына кіретін халықаралық журналдарда 27 мақаланың авторы, h-index 5. Гранттық қаржыландыру бойынша бағдарламалар мен жобалардың  жетекшісі.

Оқытушыларға республикалық ауқымды жобаларға қатысуға мүмкіндік беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырған университет басшылығына, Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысымызды білдіреміз.