24 қаңтар – Халықаралық білім күні

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасында №4 «Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсатын орындау аясында өткізілетін Халықаралық білім күніне арналған іс-шара өтті.
2019 жылдан бастап жыл сайын 24 қаңтарда Халықаралық білім күні атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында Білім тұрақты, әрі өміршең қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратыны және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететіні атап көрсетілген. №4 мақсат жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ әрбір адам үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды көздейді. Сонымен қатар, білім кедейліктен шығуға жол ашады және болашақта әл-ауқатқа ықпал етеді.
2025 жылы Халықаралық білім күні жетінші рет атап өтіледі және ЮНЕСКО бұл күнді жасанды интеллектке, яғни «Жасанды интеллект және білім: автоматтандыру әлемінде адами әлеуетті сақтау» тақырыбына арнады.
Осы іс-шара аясында аталған тақырып бойынша түрлі мәселелер, атап айтқанда, білімнің адамдардың жасанды интеллект пен технологияның дамуынан туындаған тез өзгеретін жағдайларға бейімделуіне, жасанды интеллекттің білімге, сондай-ақ автоматтандыру дәуірінде адам әлеуетін сақтау және дамыту тәсілдеріне қалай ықпал ете алатындығы талқыланды.
Іс-шараны кафедра оқытушылары Т.А. Ахаева, А.Н. Акимниязова және Н.Ө. Үрнеш ұйымдастырды. Белсенді талқылауға «Медицина» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері қатысты.
Басқа жаңалықтар


