ҚазҰУ-да «Қалдықтан ресурстарға: жаңа тұтыну мәдениеті» атты іс-шара өтті.Farabi University

ҚазҰУ-да «Қалдықтан ресурстарға: жаңа тұтыну мәдениеті» атты іс-шара өтті.

17 ақпан, 2025

2025 жылдың 17 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдауға бағытталған«Қалдықтан ресурсқа: тұтынудың жаңа мәдениеті» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Аталған акцияға «6B05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысып, «Тепло» экологиялық жобасының қабылдау пункттеріне киім тапсырды. Бұл бастама №12 Тұрақты даму мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» аясында жүзеге асырылды. Акция қайта өңдеудің экологиялық мәселелерді шешудегі тиімді тәсіл екенін, оның ішінде табиғи ресурстарды сақтаудағы және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараны п.ғ.к., доцент Б. И. Иманбекова мен биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Е. Г. Запарина жетекшілігімен «8D05108 – Геоботаника» мамандығы бойынша биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты А. А. Алиханова ұйымдастырды.