Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні-2025

Білім беру тұрақты дамудың (ТДМ) іргетастарының бірі болып табылады. Университеттер SDG жүзеге асыруда олардың үлкен оқу және оқыту мүмкіндіктерін, соның ішінде бакалавриат бағдарламаларын ескере отырып, шешуші рөл атқарады.
Ағымдағы жылдың 17, 19 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ іргелі медицина кафедрасында «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» Тұрақты даму мақсаты аясында «Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне» арналған іс-шара өтті. «Сирек кездесетін аурулар» презентациясы шағын конференция түрінде өтті, студенттер баяндамалар жасап, білім алмасты. Жауапты оқытушылар: PhD докторы, аға оқытушы Пинский Илья Владимирович; ғылым магистрі, оқытушы Кулжебаева Сабина Ренатқызы; PhD докторы, доцент м.а Құдиярова Жанар Сырлыбайханқызы.
Шараға медицина ғылымдарының докторы, профессор Гүлшат Матайқызы Құлниязова қатысты. Профессор халықаралық сирек кездесетін ауырлар күні (28 ақпан) қарсаңында тақырыпты талқылаудың маныздылығын атап өтіп, студенттерге арбір баяндаманы талпындырды. Белсенділік танытуға кеңес беріп, барлығына Сәттілік теледі.
Басқа жаңалықтар

