БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫҢ – БҮГІНГІ ТАҢДАУЫҢ
.jpg)
27 ақпан 2025 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Болашақ мамандығың – бүгінгі таңдауың» атты мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – алдағы мектеп түлектеріне қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат беру, сонымен қатар олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай мамандық таңдауға бағыт-бағдар көрсету.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін №172 мектеп-гимназиясының директоры Чорманова Алия Сбанкуловнаға, еңбек мобильді орталығы кәсіби бағдар маманы Жакупова Еркеш Садыковнаға және кәсіптік бағдар беру маманы Амангалиев Шынболат Ергалиулына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жәрмеңкеге еліміздің жетекші 5 жоғары оқу орындары мен 17 колледждері қатысты. Шара барысында э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р. қазіргі жағдайда жоғары оқу орынында білім алып, кәсіби маман иесі болудың маңыздылығы туралы және «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтары жайында кеңес берді. ҚазҰУ-дың Экономика мамандығы 1-курс студенттері Карибай Алина мен Қойшыбай Әсемай сөз сөйлеп, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы мен университеттегі оқу тәжірибелері туралы өз әсерлерімен бөлісті. Жәрмеңкеге жалпы 310 оқушы қатысты, оның ішінде 11-сыныптан – 134 оқушы, ал 10-сыныптан – 176 оқушы белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алды. Бұл оқушылардың кәсіби бағдар алуға деген қызығушылығы жоғары екенін және олардың болашақ мамандық таңдауына үлкен мән беретінін аңғартты.
Қорытындылай келгенде бұл іс-шара ТДМ 4 – «Сапалы білім беру», ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» көрсеткіштеріне сай ұйымдастырылған. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдар алуына, өз армандарын айқындап, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауларына үлкен мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының меңгерушісі Кондыбаева С.К, кафедра оқытушылары Нұрғазы Ш.Ә., Есенгелдиева Г.Т., Андабаева Г.К., Тураров Д.Р., Кулиев И.У.
Басқа жаңалықтар

