.jpg)
ТДМ «Сапалы білім беру» бағытындағы 4-шы мақсатына сәйкес 2025 жылғы 20 ақпанда Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің «6В04103 - Экономика» және «6В04109 – Цифрлық экономика» мамандықатырының 1-ші курс студенттеріне «Микроэкономика» пәнінен оқу үдерісі барысында білім берудегі инновациялық, интерактивті және сандық технологияларды қолдана отырып, білім беру сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында «Өндірістік теория» тақырыбында экономика кафедрасының докторанты Антаев Ж.Т. ашық сабақ өткізді. Жетекшілік еткен экономика факультетінің білікті аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық практика жетекшісі Тұраров Д.Р.
Студенттер сабақ барысында Қазақстандағы өндірістің дамуының негізгі бағыттарын қарастырды. Мысал ретінде салыстырмалы түрде дамыған шет мемлекеттерін, оның ішінде АҚШ, Германия, Жапония мемлекеттерін алды. Аталған мемлекеттердегі өндірістің артықшылықтары, кемшіліктері мен ерекшеліктерін талқылады. Студенттер оқу үдерісі барысында бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасады. Өздерінің білімдерінің деңгейін көрсете білді. Бұл экономикалық ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдап, түсінуге бағытталған нәтижелі сабақ болды.
Басқа жаңалықтар

