"Менеджмент" кафедрасының докторанттары педагогикалық тәжірибені өтудеFarabi University

"Менеджмент" кафедрасының докторанттары педагогикалық тәжірибені өтуде

3 наурыз, 2025

2025 жылдың 24 ақпанында педагогикалық тәжірибе барысында «Менеджмент» ОБ 1-курсының докторанты Рен Хайся ҚазҰУ университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенттеріне «Бизнесті ұйымдастыру» тақырыбында дәріс оқыды. «Ұйымдастыру құрылымы – иерархиялық, функционалдық, матрицалық және жазық құрылым» дәрісінде PhD студенті төрт ұйымдық құрылымның ұғымдарын, негізгі ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ әр құрылымның типтік қолдану сценарийлерімен таныстырды. Дәрістерде талдау үшін халықаралық тәжірибеде кездесетін бинес-кейстер мысалға келтіріліп, студенттер өз пікірлерін білдірді, бұл студенттердің халықаралық перспективаларын дамытуға және ұйымдастырушылық құрылым теориясын практикалық сценарийлерге қолдануға көмектесті. Дәріс жұмысына практика меңгерушісі мен «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары қатысты.

Тәжірибе жетекшісі, сондай-ақ "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары дәріске қатысты.Тәжірибе жетекшісі д.э.н., профессор Адамбекова А.А., кафедраның жетекші оқытушылары – Туребекова Б.О., Тажиева С.К., Жанибекова Г.К. тарапынан өткізілетін ашық сабақтардың педагогикалық әдістемелерге сай ұйымдастырылуына қолдау көрсетілуде.