«Менеджмент» ОБ 1 курс докторанттардың педагогикалық тәжірибесіFarabi University

«Менеджмент» ОБ 1 курс докторанттардың педагогикалық тәжірибесі

3 наурыз, 2025

2025 жылғы 28 ақпанда менеджмент ОБ 1 курс докторанты Ли Син педагогикалық практика шеңберінде ЭБЖМ "Менеджмент" мамандығының 3 курс студенттеріне "Сапаны басқару" пәні бойынша дәріс оқыды. "ISO 9000 сериясының халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің негізгі ережелері" тақырыбындағы дәріс барысында дәріскер алдыңғы тақырыптарға қысқаша шолу жасады.  Содан кейін тұжырымдамалар, негізгі компоненттер, сапа саясаты қарастырылды. Дәріскер ISO 9000 сериясының халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізудің маңыздылығына, артықшылықтары мен проблемаларына тоқталды. Бизнес-кейстерді талдау дербес практикалық тәжірибе негізінде жүргізілді. Студенттер терең ойлауды дамытуға және теориялық білімді практикалық сценарийлерде қолдануға көмектесетін өз пікірлерін білдірді.

Тәжірибе жетекшісі, сондай-ақ "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары дәріске қатысты.Тәжірибе жетекшісі д.э.н., профессор Адамбекова А.А., кафедраның жетекші оқытушылары – Туребекова Б.О., Тажиева С.К., Жанибекова Г.К. тарапынан өткізілетін ашық сабақтардың педагогикалық әдістемелерге сай ұйымдастырылуына қолдау көрсетілуде.