Заң және студент: құқықтық сананы қалыптастыру

2025 жылғы 26 ақпанда экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасы 1-3 курс студенттеріне "студенттер арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ЖОО-да оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу"тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның спикері Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі А. М. Тайкпанов болды. Кездесу барысында студенттер арасындағы қылмыстың алдын алу, жастардың құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесі мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті құқықтық аспектілері бойынша түсініктемелер ала алды. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнаманы сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Іс-шара ТДМ 16 "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар"міндеттерімен тікелей байланысты.
Ұйымдастырушылар "Бизнес-технологиялар" кафедрасының ПОҚ болып табылады.
Басқа жаңалықтар

