Мұсабеков Қ.С. атындағы оқу аудиториясының ашылуы: ғылыми мұраны сақтауға қосқан үлесіFarabi University

Мұсабеков Қ.С. атындағы оқу аудиториясының ашылуы: ғылыми мұраны сақтауға қосқан үлесі

6 наурыз, 2025

2025 жылдың 6 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің «Биологиялық алуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасында биологиялық мұражайдың директоры, еңбек сіңірген ұстаз, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Қылышбай Сәтімбекұлы Мұсабеков атындағы оқу аудиториясы ашылды. Ашылу салтанатын Басқарма мүшесі – ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Алтай Ғабдрахманұлы Қазмағамбетов жүргізді.

Салтанатты шараға биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Сәкенқызы Құрманбаева; Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің басқарма мүшесі, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Әбдіғали Салбекұлы Бегманов; кафедра меңгерушісі, PhD докторы, доцент Нұрмаханова Ақмарал Садыққызы; биология ғылымдарының докторы, профессор Әшімхан Тоқтасынұлы Қанаев; биология ғылымдарының кандидаты, профессор Бірлікбай Есжанұлы Есжанов; биология ғылымдарының кандидаты, профессор Әбибулла Әметұлы Әметов; профессор-оқытушылар құрамы мен оқытушылар құрамы; Қылышбай Сәтімбекұлының жұбайы – Мария Исканқызы Райымова, балалары, туған-туыстары, әріптестері мен достары.

Қылышбай Сәтімбекұлы Мұсабеков атындағы оқу аудиториясы көрнекті ұстаздар мен ғалымдардың тарихи мұрасын сақтауға, сонымен қатар кафедраның ақпараттық-көрмелік әлеуетін кеңейтуге бағытталған.