- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жас ғалым Айша Тасқужина ҚР Президентінің атынан тұрғын үй сертификатына ие болды
Жас ғалым Айша Тасқужина ҚР Президентінің атынан тұрғын үй сертификатына ие болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдарына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған шара аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек молекулалық биология және генетика кафедрасының докторанты Таскужина Айшаға тұрғын үй сертификатын зор мақтанышпен тапсырды. Молекулалық биология және генетика кафедрасы жас ғалымымызды баспаналы болуымен шын жүректен құттықтайды!
Таскужина Айша – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 2-курс докторанты және Биология және биотехнология институты Молекулалық биология зертханасының кіші ғылыми қызметкері. Оның ғылыми зерттеулері қазіргі заманғы алма сорттарының атасы болып табылатын Сиверс алма ағашын (Malus sieversii) зерттеуге бағытталған. Жұмыс барысында Айша осы түрдің генетикалық әртүрлілігін және популяциялық құрылымын зерттеп, оның әртүрлі фитопатогендерге тұрақтылығын бағалауда.
Айшаның зерттеулері жабайы алма ағашының генетикалық ресурстарын сақтау және тұрақты сорттарды алу үшін пайдалы қасиеттерді анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, ол өсімдіктердің вирус ауруларын молекулалық диагностика арқылы, жоғары өнімді секвенирлеу және биоинформатикалық талдау әдістерін қолдана отырып зерттейді.
Ғылымда одан әрі жетістіктер тілейміз!
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

