- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Гендерлік теңдік және болашақ мамандар: Жоғары білім мен мансаптағы тең мүмкіндіктер»
«Гендерлік теңдік және болашақ мамандар: Жоғары білім мен мансаптағы тең мүмкіндіктер»

2025 жылы 7 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, “Биология және биотехнология” кафедрасының PhD, Ж.Нармуратованың жетекшілігімен биотехнология кафедрасының «8D05111 – Микробиология» және «8D05105 – Биотехнология» мамандығының 1-курс докторанттары Л.Асылбекқызы, Я. Рахметова, Н.Динанованың ұйымдастыруымен ғылыми-педагогикалық практика аясында (ТМД-бағыты) «Гендерлік теңдік және болашақ мамандар: Жоғары білім мен мансаптағы тең мүмкіндіктер» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш тәрбие сағаты «Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде» «Биотехнология» мамандығының 3-курс студенттеріне өткізілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты: ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз етуге, әйелдер мен қыздарға қатысты барлық кемсітушілік пен зорлық-зомбылық түрлерін жоюға бағытталған. Тәрбиелік іс-шара барысында сапалы білімнің тең құқықта берілу маңыздылығы, Қазақстандағы гендерлік теңсіздік мүмкіндіктері қарастырылып, студенттер тақырыпқа қатысты өзіндік ойларымен бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында гендерлік теңдік-әйелдер мен ер адамдардың ресурстарына тең қол жетімділік, тұлғаның қадір-қасиеті мен тұтастығы екендігі атап өтілді. Қай салада болмасын, гендерлік теңдік экономикалық өсімді және инновацияларды дамытады және барлық азаматтарға тең құқықтар мен мүмкіндіктер береді. Сондықтан гендерлік теңдік – Қазақстанның әділ және тұрақты болашағына жасалған қадам. Тәрбие сағатының қорытындысы ретінде студенттер тұрақты, әділетті қоғамның қалыптасуы бұл гендерлік теңдіктің жеңісі деген ой тұжырымдады.
Басқа жаңалықтар

