- Басты бет
- Жаңалықтар
- Барлығын қамтитын әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету
Барлығын қамтитын әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету

ТДМ 4-мақсаты «Барлығын қамтитын әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету» аясында 28.02.2025 жылы Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Молекулалы-генетикалық талдау» пәнінің зертханалық сабақ барысында аға оқытушы А.Д.Сербаева мен «8D05104-Генетика» мамандығының 1 курс докторанты А.Қ. Иманбайдың жетекшілігімен «6B05105 – Генетика» мамандығының 3-курс студенттерімен комерциялық PureLink Genomic Kit жиынтығын қолдана отырып сілекейден ДНҚ бөлініп алынды және оны әрі қарай молекулалық зерттеулерде қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Бұл зертханалық сабақ болашақ генетиктерге және молекулалық биологтарға қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жоғары білімнің сапасын арттырумен қатар, ғылыми-зерттеу бағытына қызығушылықты оятады. Генетикалық зерттеулер медицинада аурулардың алдын алу мен диагностика жүргізуде шешуші мәнге ие. ДНҚ талдауы жеке медицинаны дамытуға, дәрілік заттарды дәл таңдауға және адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Осылайша, ғылыми зерттеулер тек білімді кеңейтіп қана қоймай, қоғамға да нақты пайда әкеледі.
Басқа жаңалықтар

