«1 наурыз - Алғыс айту күніне» арналған кураторлық

2025 жылғы 1 наурызда сағат 15.00 414 ауд. «1 наурыз - Алғыс айту күніне» арналған кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: 1 курс студенттеріне «1 наурыз - Алғыс айту күні» туралы ақпарат беріп, оның маңызын түсіндіру.
1-курс студенттері «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған презентация жасады. Олар осы күннің маңызын түсіндірді. Содан кейін куратор сөз сөйледі. Ол Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігінің маңыздылығын атап өтті. Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген ұлт өкілдерінің туған жерлерінен Қазақстанға күштеп көшірілгенін айтты. Олар өте қиын жағдайға тап болды: сусыз, тамақсыз, айдалаға вагондармен жіберілді. Бұл халықтардың ішінде кәрістер, немістер, шешендер және басқа да ұлт өкілдері болды. Алайда қазақтар өз нандарымен, сүттерімен бөлісіп, көмек қолын созды.
Бүгінде Алғыс айту күні сол халықтардың ұрпақтары қазақ еліне шынайы ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар, бұл этностар Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мысалы, кәрістер күріш, пияз өсіріп, еліміздің ауыл шаруашылығының дамуына зор ықпал етті. Басқа ұлт өкілдері өндіріс, ғылым және мәдениеттің дамуына үлес қосты.
Алғыс айту күні – тек тарихи оқиғаларды еске алу ғана емес, сонымен қатар ата-аналарымызға, достарымызға, ұстаздарымызға шынайы алғыс білдіретін күн.
Басқа жаңалықтар

