ТДМ 15 "Жердегі экожүйелерін сақтау". Фиторемедиациялық технологиялар”Farabi University

ТДМ 15 "Жердегі экожүйелерін сақтау". Фиторемедиациялық технологиялар”

11 наурыз, 2025

2025 жылғы 10 наурызда ТДМ 15 "Жердегі экожүйелерін сақтау" аясында биотехнология кафедрасының профессорлары Атабаева С.Д., Шоинбекова С.А., Асрандина С.Ш., Кенжебаева С.С. "Биотехнология"  мамандығының 3 курс студенттеріне арналған ТДМ 15 "Жердегі экожүйелерін сақтау". Фиторемедиациялық технологиялар” тақырыбында дәріс өткізді.

 ТДМ 15 "Жердегі экожүйелерін сақтау". Миссиясы: Жердегі экожүйелерді тұрақты пайдалануды қорғау, қалпына келтіру және ынталандыру, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенумен күресу және жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биоәртүрліліктің жоғалуын тоқтату.

Өнеркәсіптің дамуының өсуімен қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен, ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, пестицидтермен ластануы өсуде. Бұзылған экожүйелерді сақтау үшін қоршаған ортаны тазартудың әртүрлі әдістері қолданылады, бірақ ең қауіпсіз, экологиялық таза, экономикалық тиімді, перспективалы технология -  ол фиторемедиация. Студенттер фиторемедиациялық технологияның әр түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысты. Қоршаған ортаны тазартудың осындай биологиялық технологияларын қолдана және дамыта отырып, биотехнологтар ТДМ 15 "Жердегі экожүйелерін сақтау" қол жеткізуіне үлкен үлес қосады.