- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ: жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру»
«Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ: жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру»

Педагогикалық практика аясында және Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ-3) 2025 жылдың 11 наурызындапедагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, п.ғ.к. Э.Т.Баярстанова және биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Н.Т.Аблайханова жетекшілігімен ҚР ҒЖБМ ҒК Генетика және физиология институтының базасында ҚазҰУ 8D05102 – «Биомедицина» мамандығының 1-курс докторанттары «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ: жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараға Генетика және физиология институтының қызметкерлері мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары медицина мектебінің «Стоматология» мамандығының 1-курс студенттері қатысты.
Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – салауатты өмір салтының маңызды аспектілерін талқылау және студенттер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, психоэмоционалдық әл-ауқат және созылмалы аурулардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында Генетика және физиология институтының Лимфа жүйесі физиологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к., профессор С.Н. Абдрешов өзінің ғылыми тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар институттың негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды. Докторанттар денсаулықтың биомедициналық аспектілеріне қатысты зерттеу нәтижелерін ұсынды, ал студенттер белсенді түрде пікірталасқа қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Тәрбие сағатының қорытынды кезеңінде викторина өткізілді, оның мақсаты – алынған білімді бекіту. Викторина сұрақтары салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің адам ағзасына әсері және денсаулықты нығайтудың заманауи тәсілдерін қамтыды. Студенттер жоғары білім деңгейін көрсетіп, белсенділік танытты.
Басқа жаңалықтар

