«2030 жылға қарай ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулардың эпидемияларын тоқтату»Farabi University

«2030 жылға қарай ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулардың эпидемияларын тоқтату»

4 наурыз, 2025

2025 жылдың 4 наурызында биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы б.ғ.к., доцент Кулбаева «2030 жылға қарай ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулардың эпидемияларын тоқтату» тақырыбында ТДМ 3 шеңберінде кез келген жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатына жәрдемдесуге ықпал ету мақсатында дәріс оқыды.

XXI ғасырдағы ең үлкен сын-қатерлердің бірі – жұқпалы аурулардың жаһандық деңгейде таралуы. ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулар миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіріп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы да әлемдік қауымдастықпен бірге 2030 жылға қарай осы аурулардың эпидемиясын тоқтату мақсатын алға қойды. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы – салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Дәріске биология мамандығының студенттері мен оқытушылар қатысты. Баяндамалар жұқпалы аурулардың қазіргі жай-күйі, олардың таралу себептері, халық денсаулығына және экономикаға әсері туралы болды. Қатысушылар профилактика мен бақылаудың халықаралық тәжірибесін талқылап, Қазақстандағы денсаулық сақтау шараларын жетілдіру жолдарын қарастырды.