ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: студенттердің қоршаған ортаның тазалығына қосқан үлесіFarabi University

ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: студенттердің қоршаған ортаның тазалығына қосқан үлесі

17 наурыз, 2025

Наурыз мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Бұл бастамаТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарын қолдауғабағытталған.

2025 жылғы 15 наурызда 6В11301 – «Логистика (салабойынша)» және 6B04107 – «Маркетинг» мамандықтарының 1-курс студенттері эдвайзерлердіңжетекшілігімен университет аумағын тазалау жұмыстарынабелсене қатысты.

Акция барысында қатысушылар ҚазҰУ аумағынтұрмыстық қалдықтардан тазартып, жасыл аймақтардыабаттандырды және қоршаған ортаның тазалығынсақтаудың маңыздылығын талқылады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы университеттіңабаттандырылуына ғана емес, студенттер арасындаэкологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлкен үлесқосты. Осындай бастамаларды іске асыру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және табиғатқажауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпалетеді.

 

Ұйымдастырушылар: 1-курс эдвайзерлері, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы.