«Ұлттық ойындар – халқымыздың құнды мұрасы» атты іс-шара

«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 2025 жылдың 17 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар – халқымыздың құнды мұрасы» атты іс-шара өтті. Іс-шара 16-жатақханада ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау, студенттер арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Іс-шара барысында студенттерұлттық ойындарға қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 3-мақсаты – «Денсаулық және әл-ауқат» қағидаларына сәйкес келеді. Іс-шара жастардың ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, дене белсенділіктерін арттыруға септігін тигізді.
Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы сақталған асыл мұрасы. Мұндай шаралар арқылы жас ұрпақ ата-бабамыздың салт-дәстүрін ұлықтап, оны болашаққа жеткізуге атсалысады.
Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Маулина Н.Х., Мұса Қ.А., 6В11301-Логистика (сала бойынша) мамандығының 2-курс (К4) және 1-курс (К3) топтары.
Басқа жаңалықтар

