Наурыз мерекесінің қарсаңында Бауырсақ Пати өтті

17.03.2025ж. ТДМ 17-ші «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсатына сай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі жатақханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа тұс келіп жеткен қасиетті Рамазан айы ауызашар уақытына «Бауырсақ Party» ұйымдастырылды.
Наурыз – көктемнің келуін, жаңару мен берекені бейнелейтін мереке. Бұл кезде ұлттық тағамдар молынан әзірленіп, қонақтарға ұсынылады.Соның бірі қазақтың дәстүрлі нан өнімі,мейрам мен тойда кеңінен дайындалатыны - бауырсақ.
Бауырсақ – молшылық пен берекенің символы. Қазақ халқында “Бауырсақ жеген тойдан кеткісі келмейді” деген әзіл сөз бар, бұл оның дастарханның ажырамас бөлігі екенін көрсетеді.
Ұйымдастырушылар: Аристанова Р.Г., Тасжарганов С.И., Жайназар Ә.Ж., “Мемлекеттік және жергілікті басқару” БББ-ғының 3-курс және Менеджмент БББ 1-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар

