Уақыт кеңістігіне саяхат: мәдени мұрамен танысу
17 наурыз, 2025

2025 жылдың 16 наурызында «6В05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері топ кураторы-эдвайзер Ырғынбаева Ш.М. жетекшілігімен Алматы қаласының Мемлекеттік музейіне саяхат жасады. Бұл экскурсия оларды ғасырлар қойнауына жетелеп, тарихтың құпия сырларына терең үңілуге мүмкіндік берді.
Музей залдарына кірген сәттен бастап студенттер өткен дәуірдің ерекше атмосферасына бойлады. Көз алдына қазақ халқының тарихы мен мәдениетін айшықтайтын көріністер ашылды: көне зергерлік бұйымдар мен әсем ою-өрнектер, ата-бабаларымыз киген дәстүрлі ұлттық киімдер, ал ежелгі қалалардың макеттері сол заманның рухын сезінуге мүмкіндік берді. Әсіресе, ғасырлардан сыр шертетін құнды артефактілер студенттерге ерекше әсер қалдырды. Бұл жәдігерлер тек заттай ескерткіш қана емес, халқымыздың бай мұрасын, өткеннің ұлы оқиғалары мен дәстүрлерін бүгінге жеткізген асыл қазына іспетті.
Бұл экскурсия студенттер үшін жай ғана танымдық шара емес, өз тамырын тереңірек түсінуге арналған рухани сапар болды. Әрбір экспонаттың өзіндік тарихы бар, олардың әрқайсысы қазақ халқының бай мұрасы мен мәдениетінің бір бөлігі екенін еске салды. Экскурсия соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, мәдениеттің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын жан-жақты талқылады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025