Генетикалық код: өмірдің тілі және тұрақты дамуFarabi University

Генетикалық код: өмірдің тілі және тұрақты даму

13 наурыз, 2025

 

Іс-шараны Молекулалық биология және генетика кафедрасының «Генетика» мамандығының 1 курс докторанты Тилвалдиева С. В. ұйымдастырды. Ғылыми кеңесшілер: б.ғ.д.,профессор, ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев А. К., PhD Қуанбай А. Қ.

2025 жылдың 12 наурыз күні педагогикалық практика аясында "Генетикалық код: өмір тілі және тұрақты даму" тақырыбына арналған ашық зертханалық сабақ өткізілді. Іс-шараға 3-курс студенттері қатысып, молекулалық биология, генетика және биотехнология саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.

Сабақ генетикалық кодтың жұмыс істеуінің негізгі аспектілерін, оның биологиялық процестерді реттеудегі рөлін және геномды өңдеудің заманауи әдістерін жан-жақты талдауға бағытталды. Генетикалық технологиялардың әртүрлі ғылыми салаларда қолданылуы және олардың Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі маңызы ерекше назарға алынды. Атап айтқанда ТДМ 3: Салауатты өмір салты және әл-ауқат – гендік терапия, дербестендірілген медицина және молекулалық диагностика мүмкіндіктерін талдау қарастырылды.

Практикалық бөлім тақырыптық есептерді шешуі, сондай-ақ нәтижелерді интерпретациялау үшін арнайы гель дайындау хаттамасын зерделеуді қамтыды. Қатысушылар сонымен қатар гендік редакциялау технологияларын қолданудың этикалық және құқықтық аспектілерін талқылады. Студенттер тақырыптық тапсырмаларды белсенді орындап, бұл тек алынған білімді бекітуге ғана емес, сонымен қатар болашақ зерттеу бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.