Биология және биотехнология факультетінің студенті "Diana Tulegenova SPE/AIChE Awards" сыйлығы байқауында 3-орынға ие болды.Farabi University

Биология және биотехнология факультетінің студенті "Diana Tulegenova SPE/AIChE Awards" сыйлығы байқауында 3-орынға ие болды.

19 наурыз, 2025

SPE KazNU (Society of Petroleum Engineers) ұйымының тең құрылтайшысы – Диана Тулегенова AIChE KazNU және SPE KazNU студенттік ұйымдарына қосқан үлесі үшін сыйлық байқауын ұйымдастырды.

18 наурыз күні сағат 18:00-де «Diana Tulegenova SPE | AIChE Awards» сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Биология және биотехнология факультетінің студенті – Алимбетов Диас 3-орынды иеленіп, 100 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Диас Алимбетов – «Нейроғылым» мамандығының 2-курс студенті, AIChE KazNU (American Institute of Chemical Engineers) студенттік ұйымының президенті. 2023-2025 жылдар аралығында AIChE KazNU аясында биология және химия саласындағы ғалымдармен ғылыми-танымдық 6 лекция ұйымдастырып, ғылымның дамушы бағыттары мен коммерцияландыру тақырыптарын көтерді. Сонымен қатар, студенттер үшін молекулалық биология зертханасына және хлорелла биотехнологиялық өндірісіне екі экскурсия ұйымдастырды. Бұдан бөлек, үш жүлделі орын қарастырылған «BioGames» биология бойынша интеллектуалдық ойынын өткізді.

Ғылымға деген қызығушылықты арттыру және студенттік ғылыми белсенділікті дамытуға қосқан жоғарыдағы үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды.

Биология және биотехнология факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары   Датхабаева Гаухар Кубеновна.

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы Есенова М.Ә.