Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау – экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму кепіліFarabi University

Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау – экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму кепілі

20 наурыз, 2025

Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау қазіргі таңда экология саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды сулардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі қоғамның басты міндеттері.

Осыған байланысты педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарының 12-мақсаты: Жауапты тұтыну және өндіріс аясында 2025 жылдың 19 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биотехнология кафедрасында «Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау: инновациялар мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының б.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі, Заядан Б.Қ, Биотехнология кафедрасның доценті, PhD Болатхан К. жетекшілігімен 8D05105 – «Биотехнология» мамандығының 1-курс докторанты Амангелдиева А.А. ұйымдастырады және қатысушылар ретінде биотехнология мамандығында білім алатын студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде ағынды суларды тазалаудың биологиялық әдістерінің маңызы, олардың тиімділігі және қоршаған ортаға оң әсері талқыланады.

Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау саласындағы білімді кеңейту, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту және экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық идеяларды талқылау.

Дөңгелек үстел барысында студенттер өз зерттеулерін, жобаларын және идеяларын талқыға салды. Бұл — студенттерге өз білімін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және жаңа ынтымақтастықтар орнатуға тамаша мүмкіндік.

Іс-шараның негізгі бағыттары:

  1. Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау: микроорганизмдер мен биопрепараттарды пайдалану ерекшеліктері;
  2. Биотехнологияның рөлі: тазалау процестерінің тиімділігін арттыру және инновациялық шешімдер;
  3. Жасыл технологиялар: экологиялық таза әдістер мен тұрақты өндіріс принциптері;
  4. Қазақстандағы тәжірибе: ағынды суларды тазалаудағы заманауи тәсілдер мен оларды енгізу мәселелері;
  5. Болашақ перспективалар: биологиялық тазалау жүйелерінің дамуы мен жаңа зерттеулер.

Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау мәселесі – тек ғылыми-зерттеу бағытында ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде де маңызы зор тақырып. Студенттердің қатысуымен өткен осы дөңгелек үстел олардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, болашақ биотехнологтар мен экологтардың жаңа идеялар мен шешімдерді ұсынуына мүмкіндік берді.

Биологиялық тазалау әдістерінің тиімділігі мен экологиялық маңызы жөніндегі пікірлер, студенттердің ғылыми көзқарастары мен ұсыныстары – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында маңызды қадам болып табылады. Бұл іс-шарада талқыланған мәселелер мен ұсыныстар болашақ зерттеулерге, тәжірибелік жобаларға негіз болады деп сенеміз. Ағынды суларды биологиялық жолмен тазалау – тұрақты дамуға қосылған үлес! Қоршаған ортаны қорғауға бірге үлес қосайық!