Халықаралық су күніFarabi University

Халықаралық су күні

28 наурыз, 2025

2025 жылдың 20 наурызында ҚазҰУ іргелі медицина кафедрасының ЖМ 24-08 тобының студенттерімен «Таза су және санитария» №6 Тұрақты даму мақсатын талқылау өтті.
Талқылау тақырыбы – таза суға қолжетімділікті қамтамасыз ету және оны ұтымды пайдалану. Талқылау барысында жеке бас гигиенасы, қалдықтарды кәдеге жарату, ластанған су арқылы таралатын аурулар және мұндай аурулардың алдын алу әдістері туралы сұрақтар қойылды.
1992 жылдан бастап жыл сайын 22 наурызда Халықаралық су күні аталып өтіледі. Мерекенің мақсаты – адамзаттың назарын жердегі су ресурстары мәселелеріне аудару.
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында мемлекеттерді бұл күні су ресурстарын сақтау мен дамытуға арналған іс-шаралар өткізуге шақырды.
Шараны ұйымдастырушы және жүргізген оқытушы, ғылым магистрі Кульжебаева С.Р.