“Жусан исі” – жүрекке жеткен қойылымFarabi University

“Жусан исі” – жүрекке жеткен қойылым

28 ақпан, 2025

6 ақпан 2025 жылы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзері, э.ғ.к. Асилова А.С. жетекшілігімен 1-курс студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы жастар театрында Сайын Мұратбековтың “Жусан исі” қойылымын тамашалады.

Бұл шара “100 кітап” жобасы мен ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында өтті. Балалықтың сағынышы мен соғыстың салқыны өрілген бұл туынды көрерменнің жүрегіне жол тауып, әдебиеттің құдіретін сезінуге мүмкіндік берді.

📚 Рухани кеш студенттерге тағылымды ой салып, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.