Оңтүстік Кореяның Сангмен университетінде өткен ғылыми тәжірибе

Шығыстану факультетінің докторанты, Хамитова Назерке 2024 жылдың 11 қыркүйегінен 27 қазанға дейін Оңтүстік Кореяның Сангмен университетінде ғылыми тәжірибеден өтті. Тәжірибе профессоры Ким Сан Хонның жетекшілігімен жүзеге асты. Тәжірибе барысында ғылыми-зерттеу жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететін маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.
Тәжірибенің негізгі жетістіктері: • Ғылыми әдебиеттерді талдау және жарияланымдар дайындау: Тәжірибе аясында диссертация тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттердің жан-жақты талдауы жүргізілді. Профессор Ким Сан Хонмен бірге ғылыми мақала дайындалып, «Оңтүстік Кореяның ЮНЕСКО мәдени мұраларын цифрландыру мүмкіндіктері мен қиындықтарына зерттеу» тақырыбында сұхбаттар жүргізу үшін сұрақтар әзірленді.
• Академиялық байланыстарды кеңейту: Профессор Ким Сан Хон докторанттармен және Сангмен университетінің профессорларымен танысу мүмкіндігін берді. Арнайы профессор Пак Джин Хоның мәдени мұраны цифрландыру бойынша жүргізген зерттеулері қарастырылды.
• Алдыңғы қатарлы ғылыми ресурстарға қол жеткізу: DBpia және RISS ғылыми базаларына қол жеткізу арқылы құнды мәліметтер жиналып, зерттеудің теориялық негізі толықтырылды.
• Мамандандырылған әдебиеттерді зерттеу: Профессор Ким Сан Хон зерттеу тақырыбына қатысты Чхве Ин Хва авторлығымен «Цифрлық археологияға кіріспе» және Ан Джэ Хон мен Ким Джун Сик авторлығымен «Цифрлық мұра. 3D жазба және мәдени мұраны пайдалану» атты кітаптарды ұсынды, бұл зерттеу тақырыбын терең түсінуге көмектесті.
• Лекцияларға қатысу және заманауи технологияларды меңгеру: Цифрлық археология пәні бойынша лекцияларға қатысу барысында тарихи мұраны цифрландыру процестері, ASEAN Digital Heritage, EU Europeana Strategy, ЮНЕСКО Цифрлық мұра Шарты сияқты халықаралық бағдарламалар, сондай-ақ 3D сканерлеу, Қосымша шындық (AR), Виртуалды шындық (VR), Аралас шындық (MR) және Кеңейтілген шындық (XR) технологиялары таныстырылды.
Тәжірибе ғылыми байланыстарды кеңейтуге және мәдени мұраның цифрландыру саласындағы ғылыми жұмыстарды әрі қарай дамыту мен мансапты арттыруға қажетті тәжірибе жинақтауға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар
