Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының 2-секциясы өткізілдіFarabi University

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының 2-секциясы өткізілді

3 сәуір, 2025

2025 жылдың 3 сәуірінде Биология және биотехнология факультетінде «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция аясында Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі зама науи мәселелері» атты 2-секциясы өткізілді.

2-секцияның отырысында 15 ауызша баяндама және 8 стендтік баяндама тыңдалды. Соның ішінде: 1 баяндама – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан); 2 баяндама – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); 1 баяндама – "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, (Алматы қ., Қазақстан). 11 баяндама – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қатысушылары (Алматы қ., Қазақстан).

Іс-шараны Комиссия төрайымы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі Кустубаева Альмира Мэлсовна ашып, сәттілік тіледі.

Жұмысты бағалау үшін келесі құрамда комиссия құрылды:

1. Аблайханова Нуржанят Татухановна, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры;

2. Датхабаева Гаухар Кубеновна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;

3. Бабашев Абдразак Маханович, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті;

4. Басыгараев Жандос Махабатович, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті.

Байқау қорытындысы бойынша:

1-дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Қасен Қымбат Ерланқызы марапатталды. 

2-дәрежелі дипломмен "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, 4 курс студенті Керимов Тимур Талгатулы марапатталды. 

2-дәрежелі дипломмен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс магистранттары Жұмашқызы Жансая және Пернетай Арай марапатталды. 

3-дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Гауһарбек Ақсұңқар Төреханқызы марапатталды. 

3-дәрежелі дипломмен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 3 және 5 курс студенттері Имашева Тогжан және Мухамедиев Асанали марапатталды. 

3-дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Кәдірәлі Жанерке Айбекқызы марапатталды. 

Сонымен бірге басқа қатысушыларға факультеттің ынталандыру сыйлықтары берілді.