«Қазақстандағы кедейлікті өлшеу әдістерін жетілдіру»Farabi University

«Қазақстандағы кедейлікті өлшеу әдістерін жетілдіру»

4 сәуір, 2025

Сәуір айының 4-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің 8D04102 –  “Экономика“ мамандығының докторанттары Патыма Нұрсұлтанқызы мен Ерұлан Әсентайұлының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы кедейлікті өлшеу әдістерін жетілдіру» тақырыбында механика-математика факультетінің «Актуарлы математика» бөлім студенттеріне танымдық  пікірталас дәрісін өткізді.

 Біріккен ұлтар ұйымының қабылдаған ТДМ-ның бірінші мақсаты - 2030 жылға дейін әлемдегі кедейлік деңгейін екі есеге азайту екені белгілі.  Мақсатқа жетудің алғашқы қадамы, кедейлікті дұрыс өлшеуден басталмақ. Ол өз кезегінде ТДМ ның 10 мақсаты теңсіздік мәселесінің де шынайы дұрыс көрініс табуына алып келеді. Әлем жұртшылығының алдындағы мақсат айқын болғанымен, бүкіл мемлекеттер бір ауыздан мақұлдаған кедейлікті бір ізді өлшеудің әдістемесі болмай тұр.

Пікірталас сұрақтары осы кедейлікті өлшеу әдістерін жетілдіру жолдарын анықтау аясында өтті. Пікірталаста экономика кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Ережепова Айман Абдыкайымовна өзінің ойларымен бөлісті. Докторанттар мен студенттер де өздерінің тұшымды ұсыныстарын айтып, құнды ойларын ортаға салды.

Пікірталас өте тартымды, әрі қызықты өтті. Студенттер мен докторанттар белсенділік танытып, еліміздің ертеңіне елеңдеулі екендерін аңғартты.