Ғылыми студенттік үйірмесінің кездесуіFarabi University

Ғылыми студенттік үйірмесінің кездесуі

4 сәуір, 2025

Есенгелдиева Г.Т. мен Жоламанов Е.М. жетекшілігімен өткен ғылыми студенттік үйірмесінде қатысушылар халықаралық инновациялық бизнестегі R&D (ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер) рөлі тақырыбын талқылады.

Докладпен 3-курс студенті, "Цифрлық экономика" мамандығы бойынша оқитын Лис Валерия сөз сөйледі. Ол қазіргі компанияларда R&D маңызы, оның бәсекеге қабілеттілікке және жаһандық экономикаға әсері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Докладта келесі негізгі аспектілер қарастырылды:

✔ R&D-дің инновациялық технологиялар мен өнімдерді дамытуға қосқан үлесі.

✔ Әртүрлі елдердегі ғылыми зерттеулерге инвестиция салу ерекшеліктері.

✔ Ғылыми әзірлемелердің бизнестің тұрақтылығына және жаңа нарықтардың құрылуына әсері.

Жиналысқа "Цифрлық экономика" мамандығының 3-курс студенттері қатысты. Талқылау барысында қатысушылар R&D-ге белсенді түрде инвестиция салып жатқан жетекші әлемдік корпорациялардың мысалдарын қарастырып, Қазақстандағы инновациялық бизнестің даму перспективаларын талқылады.

Айрықша назар Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысты мәселеге, атап айтқанда тоғызыншы мақсат — "Индустриализация, инновациялар және инфрақұрылым" тақырыбына бөлінді. Қатысушылар ғылыми әзірлемелердің озық өндірістерді құруға, экономикадағы технологиялық деңгейді арттыруға және тұрақты инфрақұрылымды дамытуға қалай ықпал ететінін талқылады.

R&D — бұл болашақ экономикалық өсу мен технологиялық прогрестің негізі, ал ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялар инновациялық бизнестің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Барлық қатысушыларға өнімді талқылау мен қызықты идеялар үшін алғысымызды білдіреміз!