Жаһандық экологиялық проблема: шыны қалдықтарыFarabi University

Жаһандық экологиялық проблема: шыны қалдықтары

5 сәуір, 2025

2025 жылдың 2 сәуірінде Маркетинг ББ мамандығының 1 курс магистранттары өзекті экологиялық проблемалардың бірі – шыны қалдықтарының қоршаған ортаға әсеріне арналған «Жаһандық экологиялық проблема: шыны қалдықтары» тақырыбында маңызды дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шара SDG 15 – Жердегі экожүйелерді тұрақты пайдалануды қорғау, қалпына келтіру және ынталандыру, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жердің деградациясын тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату аясында өткізілді.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының профессорлары, студенттері мен қоғам белсенділері шыны қалдықтарын қайта өңдеу, оларды кәдеге жаратудың заманауи тәсілдері және тұрақты даму жолдары туралы пікір алмасты. Талқылау барысында экологиялық сананы қалыптастыру, жауапты тұтыну мәдениетін дамыту, сондай-ақ шыныны қайта өңдеудің тиімді әдістерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулер біздің ортақ болашағымыз үшін аса маңызды. Табиғатты бірге қорғайық! 

Ұйымдастырушылар: Эдвайзерлер: э.ғ.д., доцент Бейсенова М.У., э.ғ.к., доцент м.а. Кажмуратова А.К., магистр, аға. оқытушы Болтаева А.Ж., «7М04129-Маркетинг» ББ 1 курс магистранттары –Тукаева А.А., Муратбекова А.Д.

#Экология #ТұрақтыДаму #ШыныҚалдықтары #ҚайтаӨңдеу #ЖасылБолашақ