- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Scopus және Web of Science: халықаралық басылымдар арасында жыртқыш журналдардан қалай сақтануға болады?» тақырыбында воркшоп
«Scopus және Web of Science: халықаралық басылымдар арасында жыртқыш журналдардан қалай сақтануға болады?» тақырыбында воркшоп
.png)
IV Халықаралық Фараби форумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Scopus және Web of Science: халықаралық басылымдар арасында жыртқыш журналдардан қалай сақтануға болады?» тақырыбында тәжірибеге негізделген воркшоп табысты өтті. Іс-шараны «Қаржы және есеп» кафедрасы мен Экономикалық зерттеулер орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Воркшоптың спикері KIMEP университетінің ESG орталығындағы жобалар үйлестірушісі, Bang College of Business зерттеу жұмыстары жөніндегі директоры, қаржы жөніндегі қауымдастырылған профессор Алимшан Фаизулаев болды. Воркшоп барысында ғылыми этика, академиялық адалдық және халықаралық дерекқорлардағы сапалы ғылыми журналдарды іріктеу критерийлері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Әсіресе, жыртқыш журналдарды анықтау әдістері, адал емес редакциялық саясат белгілері және жарияланым платформаларының сенімділігі мен ғылыми маңыздылығын бағалау құралдарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар журнал таңдауда жас зерттеушілер кездесетін қиындықтар, индекстеуді тексеру тәсілдері, сондай-ақ жарияланым ортасының ғылыми зерттеулер сапасына әсері жайлы пікір алмасты.
Воркшоп халықаралық ғылыми интеграция мен рецензияланған журналдарда жариялануға ұмтылатын оқытушылар, докторанттар мен зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Ашық диалог форматы мен спикердің кәсіби тәсілі жемісті пікірталас жүргізуге жағдай жасап, ғылыми мәдениетті нығайтуға және академиялық жазу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

