Ғылым күні қарсаңында Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен докторанттары марапатталдыFarabi University

Ғылым күні қарсаңында Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен докторанттары марапатталды

11 сәуір, 2025

Бүгін, 11 сәуір күні, кәсіби мереке – Ғылым күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар және жас ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ғылыми-инновациялық қызмет департаментінің директоры Тастамбек Қуаныш Талғатұлы қатысып, өз сөзінде жас зерттеушілердің отандық шығыстану ғылымын дамытудағы маңызына ерекше тоқталды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстандағы шығыстану ғылымының даму перспективалары, факультеттегі ғылыми бастамалардың рөлі және жас ғалымдарды қолдау мәселелері талқыланды. Факультет басшылығы белсенді ғылыми қызметімен ерекшеленген бірқатар оқытушылар мен докторанттарға алғыс білдіріп, марапаттар табыстады.

Кездесу қорытындысы бойынша:

  • Қытайтану кафедрасының профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы университет басшылығының алғыс хатымен марапатталды;

  • Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қойбакова Айжан педагогикалық және ғылыми қызметтегі белсенділігі үшін университет басшылығынан алғыс хатқа ие болды;

  • Қытайтану кафедрасының докторанты Меттибаева Сандуғаш факультеттің ең үздік докторанты ретінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Бұл басқосу зерттеушілер ұрпақтары арасындағы ашық пікір алмасу алаңына айналып, Шығыстану факультетінің жоғары ғылыми әлеуетін және зерттеу университеті мәртебесін иеленген оқу орны ретіндегі бағыт-бағдарын айқын көрсетті.