
Экономика және Бизнес жоғары мектебінің “6В04103-Экономика” білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері “Экономика біздің өмірімізде” тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – экономика ұғымының күнделікті өмірмен тығыз байланысын көрсету, экономикалық сауаттылықты арттыру және қоғам мүшелерін қаржылық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-8) “Тұрақты экономикалық өсу, толық және өнімді жұмыспен қамту және баршаға лайықты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету” бағытына сәйкес келеді.
Шара барысында студенттер экономика түсінігінің қарапайым адамның өміріндегі рөлін талқылап, баға, табыс, шығын, тұтыну және жинақ сияқты күнделікті қолданылатын ұғымдарды мысалға келтірді. Сондай-ақ инфляция, жұмыссыздық, мемлекеттік бюджет және салық саясаты туралы қысқаша мәліметтер беріліп, олардың ел дамуына әсері сөз болды.
Басқа жаңалықтар

