Шығыстану факультетінің ұжымы мен студенттері халықаралық білім көрмесіне қатыстыFarabi University

Шығыстану факультетінің ұжымы мен студенттері халықаралық білім көрмесіне қатысты

20 сәуір, 2025

2025 жылдың 20 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы бастаған оқытушылары мен студенттері университеттің Әл-Фараби кітапханасында өткен «Қазақстандағы Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы» атты 2-ші кезекті халықаралық көрмеге қатысты.

Іс-шараны Қытай тілі тестілеуінің халықаралық орталығы мен ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ресми ашылуына ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым және ҚазҰУ Басқарма мүшесі–Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысты.

Көрме аясында қатысушылар Қытайдың 30-дан астам жетекші университеттерінің өкілдерімен тікелей кездесу мүмкіндігіне ие болды. Студенттер мен оқытушылар білім беру бағдарламалары, шәкіртақылық мүмкіндіктер және HSK халықаралық қытай тілі емтихандары бойынша кең ақпарат алды.

Бұл шара Қытайда білім алуға қызығушылық танытқан жастар үшін маңызды платформаға айналып, екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосты.