Германиядан профессорлардың сапарыFarabi University

Германиядан профессорлардың сапары

16 сәуір, 2025

2025 жылдың 15 сәуірінде әл‑Фараби кітапханасында Германиядан шақырылған екі профессор — Igor Amann және Michael Storz лекция оқыды. Бұл шара медицина және денсаулық факультетінің студенттері, интерндері, магистрлері, докторанттары және оқытушылары үшін ұйымдастырылды.

Профессор Igor Amann «SpineMed®️ инновациялық терапиясы (омыртқа декомпрессиясы)» атты баяндамасында омыртқа ауруларын емдеудің заманауи инвазивті емес әдістері мен озық технологияларын таныстырды.

Профессор Michael Storz «Альцгеймер ауруын емдеудің жаңа әдісі — транскраниальды пульстық стимуляция (TPS)» атты баяндамасында TPS‑тың миға әсер ету механизмін егжей‑тегжейлі түсіндіріп, нейродегенеративті процестердің прогрессін баяулатудағы әдістің тиімділігі туралы мәліметтер келтірді.

Лекциялар аудиторияда үлкен қызығушылық тудырып, медициналық терапиядағы қазіргі заманғы тәсілдерге қатысты белсенді пікірталастарға жол ашты