Қытай университеттері ҚазҰУ шығыстану факультетімен ынтымақтастыққа қызығушылық таныттыFarabi University

Қытай университеттері ҚазҰУ шығыстану факультетімен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты

22 сәуір, 2025

ҚХР-дың ең мықты деген жоғарғы оқу орындарынан «Қазақстандағы Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы» атты 2-ші кезекті халықаралық көрмені өткізуге келген делегация, 2025 жылдың 21 сәуір күні университет жанындағы Конфуций институтымен және Халықаралық қатынастар мен Шығыстану факультетімен танысуға келді. Арнайы ұйымдастырылған жиында Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Қытайдың 30-дан астам жетекші университеттерінен келген өкілдерінің алдында Шығыстану факультетін таныстырды.  Керімбаев факультеттің құрылымымен, білім беру бағдарламаларымен және Қытай университеттерімен арадағы байланыстың бүгінгі жағдайы мен болашақ перспективасы туралы айтты. Келген қонақтар үлкен қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойды. Керімбаев барлық сұрақтарға тыңғылықты, жан-жақты жауап берді.