- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академиялық ұтқырлық: ҚазҰУ студенттерінің Жапонияның жетекші университеттеріндегі тәжірибесі
Академиялық ұтқырлық: ҚазҰУ студенттерінің Жапонияның жетекші университеттеріндегі тәжірибесі

2025 жылдың 18 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасуға арналған жиын – хаппёкай (発表会) өтті. Жиын барысында жапонтану бөлімінің 3-курс студенттері Бекболат Мирас, Рахымжан Малика, Сағымбек Абен, Клевцов Дмитрий, Бауыржанов Әділет және Акимниязов Руслан Жапонияның жетекші университеттерінде, атап айтсақ, Токио шет тілдер университеті (TUFS), Хоккайдо университеті, София университеті және Канадзава университетінде алған білімдері мен тәжірибелері туралы баяндама жасады.
Олардың баяндамасын төменгі курс студенттері ғана емес, бөлім оқытушылары да тыңдап, әр университеттің ерекшеліктері, оқу жүйесі мен күнделікті өмірі туралы пайдалы әрі мазмұнды ақпаратпен танысты. Презентациялар қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Аталмыш шара студенттердің академиялық ұтқырлыққа деген қызығушылығын арттырып, Жапониядағы білім алу мүмкіндіктері жайлы практикалық мағлұматтар алуға тамаша мүмкіндік болды. Осындай кездесулер алдағы уақытта шетелде оқуға ниетті жастарға бағыт-бағдар берері сөзсіз.
Басқа жаңалықтар


