.jpg)
«Экономика» кафедрасы ТДМ 3 “Денсаулық және амандық” бағыты бойынша 6В04103-Экономика ББ 2 курс студенттерімен «Лудомания – қоғам дерті» атты кураторлық сағат өткізілді. Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар, казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Жастарды мұндай дерттен аулақ болуға шақырамыз.
Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

22 тамыз, 2025