«ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР: БАСТАУ ЖӘНЕ ДАМУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ШАРА

2025 жылдың 22 сәуір күні, сағат 12:00-де, 217 аудиторияда Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде «Ғылымға алғашқы қадамдар: бастау және даму» тақырыбында танымдық шара өтті.
Бұл танымдық шараны оқытушы Асилова Айжан Сәрсенқызының жетекшілігімен «Қаржы» мамандығының 1 курс магистранттары — Кусаинова Алия, Амалят Балжан және Тұрдыбек Сындар педагогикалық тәжірибе аясында ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты — студенттерге ғылыми зерттеулердің негіздерін түсіндіру, ғылыми жұмысты бастау жолдарын көрсету және зерттеу барысында сенімділікті қалыптастыру болды. Шара барысында презентация ұсынылып, ғылыми жұмыстың құрылымы, тақырып таңдауы, зерттеу әдістері жөнінде нақты ұсыныстар мен кеңестер берілді. Сонымен қатар, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасу өтті.
Шараға «Қаржы» мамандығының 1 курс студенттері — Ф24К1 және Ф24К2 топтары (барлығы 40 студент) қатысты. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4- мақсаты «Сапалы білім беру» аясында білім мен ғылымды дамыту бағытына сай ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ кәсіби өсуге жол ашады.
Басқа жаңалықтар

