Ашық сабақFarabi University

Ашық сабақ

25 сәуір, 2025

16 сәуірде рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы А.Ұ. Нұрсадықова «Туризм» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Оқиғалық туризмі» пәнінен ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ 100 минут бойы 8 негізгі кезең бойынша ұйымдастырылып, студенттердің оқиғалық туризм жайлы білімін тереңдетуге, талдау және креативті ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.

І кезең – Ұйымдастыру:

Сабақ студенттермен сәлемдесу, сабақ құрылымымен таныстыру және топтарға бөлумен басталды. Жұмыс тиімді өтуі үшін студенттер 3 жұмыс тобына және 4 шығармашылық топқа бөлінді.

ІІ кезең – Мотивациялық бөлім: "Зат алу жарысы" ойыны

Студенттер жылдамдыққа сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақпен байланыс орнатып, белсенділік танытты. Бұл бөлім қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабақты қызығушылықпен бастауға ықпал етті.

ІІІ кезең – Топтық жұмыс: Визуалды талдау

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша оқиғалық туризмнің экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени тиімділігіне талдау жасады:

І топ: ЭКСПО-2017 көрмесінің экономикалық әсері

ІІ топ: Шымбұлақ және фестивальдердің әлеуметтік маңызы

ІІІ топ: Еуразия кинофестивалінің мәдени ықпалы

Топтар шығармашылық таныстырылым жасап, нақты мысалдар арқылы өз тақырыптарын қорғады. Критерийлер бойынша мазмұндылық, дәлелділік және креатив бағаланды.

IV кезең – Үй тапсырмасын талдау: Жаңа жобалар презентациясы

Студенттер 4 топқа бөлініп, өздері ұсынған жаңа оқиғалық туризм жобаларын қорғады. Жобалар маркетинг, логистика және халықаралық тартымдылық тұрғысынан сарапталды. Бұл кезеңде студенттердің стратегиялық ойлауы, креативі және презентация жасау шеберліктері байқалды.

V кезең – Сергіту сәті: "Қызық карточкалар"

20 түрлі көңілді тапсырма жазылған карточкалар арқылы ойын ұйымдастырылып, студенттер демалып, достық атмосфера нығая түсті.

VI кезең – Рефлексия: "Сабақтан алған әсерім"

Әр студент сабақтан алған әсерін "Жақсы болды...", "Қиын болды...", "Көңілге түйгенім..." формасында жазып, жеке пікір білдірді.

VII кезең – Қорытынды және бағалау:

Сабақ соңында қорытынды жасап, белсенділік пен креативке қарай студенттер бағаланды. Жұптық, топтық және жеке жетістіктер ескерілді.

Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Студенттер белсенді, креативті қатысып, оқиғалық туризм тақырыбына терең үңілді. Топтық жұмыс, ойын элементтері және шығармашылық тапсырмалар олардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты терең меңгеруге жол ашты. Сабақ мақсаты толықтай орындалып, күтілген нәтижеге қол жеткізілді.        

https://www.instagram.com/reel/DIl_tzsM3-I/?igsh=dGF2bjc2dGxra2d1