ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА КУРС ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

29 сәуір 2025 жылы сағат 16.00 де Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында «6В02207-Шығыстану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері «Оқитын елдің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәнінен курс жұмыстарын қорғады. Курс жұмыстарын қорғауға кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А.Халел мен кафедраның аға оқытушысы Н.Қ. Ілияс қатысты.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушысы К.Б. Жанатаеваның жетекшілігінде Болатова Аяжан «Түркияның қазіргі ішкі саясаты», Хайролла Дана «1928 жылғы тіл реформасы: әліпбиді өзгертудің түрік қоғамына әсері», Әскерова Айым «Түркияда жастар мәдениетінің қалыптасуы және ғаламдану әсері», Алдибаева Диана «Ататүрік реформалары және қазіргі түрік қоғамына әсері», Абыт Сабина «Осман империясындағы әйелдердің әлеуметтік және құқықтық мәртебесі», Кантаева Айым «Осман империясының әскери жүйесі» және Қоңырова Гүлназ «Осман империясы және Еуропа державалары: дипломатиялық қарым-қатынастар» атты курс жұмыстарын қорғады.
Қатысқан оқытушылар тарапынан студенттерге сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. «6В02207-Шығыстану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері курс жұмыстарын ойдағыдай қорғады.
Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс
елдерінің тарихы кафедрасының
аға оқытушысы К.Б. Жанатаева
Басқа жаңалықтар
