ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2025

29–30 сәуірде Астана қаласында жыл сайын өткізілетін студенттік кәсіпкерліктің «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2025» Ұлттық кубогы өткізілді. Оған республика өңірлерінен оқушылар, колледж және ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру салаларындағы көшбасшылар қатысты. Чемпионат өз идеяларын нақты бизнес-жобаларға ауыстырғысы келетін студенттерді біріктіре отырып, әртүрлі аймақтардан келген талантты жастарды жинады. Ағымдағы жылдағы студенттік кәсіпкерліктің Ұлтық кубогының ерекшелігі «Enactus Kazakhstan» 30 жылдығы қарсаңында өтуі. «Enactus Kazakhstan» президенті Ержанова Альбина Меирбекқызыныңстудент жастардың бизнес-жобаларын дамытуға қосқан үлесі орасан. Ұлттық кубоктағыатмосфераның ерекше қуатқа толы болуы және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жобалар әр қатысушыны шабыттандырады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер өз жобаларын ұсынып тәжірибелерімен бөлісті.
«ENACTUS» (2012 жылға дейін SIFE) — жастар кәсіпкерлігін дамытумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым. Enactus жобасы—маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешетін кәсіпкерлік жоба және оны студенттер тобы кураторлардың қолдауымен жүзеге асырады.
Ұлттық кубокқа Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан команда эдвайзері Л.А. Бимендиева мен капитаны Мамен Сулейменбастаған «ENACTUS KazNU» құрама командасы қатысты. Ұлттық студенттік кәсіпкерлік додасының «Enactus World Cup 2025» әлемдік кубогына жолдама үшін басты конкурстық алаңда жоғары оқу орындарының студенттік командаларыкездесті. Кәсіпкерліктен студенттік чемпионатта университет командасы өз жобасын лайықты түрде ұсынып, дайындықтың, креативтіліктің және командалық жұмыстың жоғары деңгейін көрсете отырып, екінші орынға ие болды. Айта кетейік, 2024 жылы команда дамудың ерте кезеңіндегі жобалар байқауында «Early Stage League» чемпионы атанып «Enactus World Cup 2024» әлемдік кубогына қатысқан болатын. Команда студенттерінің осындай жетістікке жетуіне тұрақты қолдау көрсетіп отырған университет басшылығына алғысымыз шексіз.
«ENACTUS KazNU» студенттер тобы өзекті әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған инновациялық «Асыл жер» жобасын ұсынды. Қазылар алқасы идеяның өзіндік ерекшелігін ғана емес, сонымен қатар бизнес-жоспардың, маркетингтік және қаржылық стратегияның пысықталуын жоғары бағалады. Ұлттық кубоктағы екінші орын қажырлы еңбек пен әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыс үшін лайықты марапатқа айналды. «ENACTUS KazNU» құрама командасын тамаша нәтижемен құттықтаймыз және олардың жобасын іске асыруда табыс тілейміз!
Басқа жаңалықтар


