- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ Шығыстану факультетінде жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда
ҚазҰУ Шығыстану факультетінде жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің номері 3 және 7 Академиялық Комитетінің 14 мамыр мен 15 мамырда өткен мәжілісінде университет бойынша алғашқы әрі жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасын құру ұсынылды. Білім беру бағдарламасы «Аударма ісі: заң саласындағы қытай тілі» деп аталады. Бұл оқу бағдарламасы Шығыстану факультетінің базасында ҚазҰУ Заң факультетімен бірлесіп, бакалавриат және магистратура деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жаңа бағдарлама аударма ісі мен құқық саласының тоғысында орналасқан және болашақ мамандарды қытай және қазақ (немесе орыс) тілдерінде кәсіби заңгерлік аударма жасауға үйретуге бағытталған. Бағдарлама аясында студенттер құқықтық құжаттарды, халықаралық келісімшарттарды, сот және заңнамалық актілерді аударуға машықтанады.
ҚазҰУ - жаһандық деңгейде мойындалған, инновациялық және сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын ұсынып келе жатқан жетекші жоғары оқу орындарының бірі. «Аударма ісі: заң саласындағы қытай тілі» бағдарламасы - осы бағыттағы тағы бір нақты қадамдардың бірі.
Басқа жаңалықтар


