Қытайтану кафедрасының жас ғалымы мемлекеттік ғылыми грантқа ие болдыFarabi University

Қытайтану кафедрасының жас ғалымы мемлекеттік ғылыми грантқа ие болды

19 мамыр, 2025

ҚазҰУ-дың Қытайтану кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Асыл Мөлдір Бақытжанқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023–2025 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды. Жас ғалым өз жобасын «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылыми бағыты бойынша ұсынып, Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімімен мемлекеттік қолдауға ие болды.

2011 жылдан бері Қытайтану кафедрасында қызмет етіп келе жатқан Мөлдір Бақытжанқызы 2023 жылы шығыстану бағытында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алған. Қазіргі таңда ол «Қытайдың Қазақстанға қатысты мәдени дипломатиясының қарқындылық эволюциясы: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» атты ғылыми жобаны жетекшілік етіп жүзеге асыруда. Бұл жоба жас зерттеушілердің қатысуымен орындалып, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ықпалдастықты зерттеуге маңызды үлес қосуды мақсат етеді.