Қытайтану кафедрасының 1 курс студенті халықаралық сайыста топ жарды

2025 жылдың 15-16 мамыр күндері Астана қаласында Бүкіл әлемдік студенттер арасындағы ХХІV кезекті «Қытай тілі көпірі» байқауының Қазақстан Республикасы бойынша финалдық сайысы өтті. Сайысқа бұған дейін еліміздің өңірлерінде іріктеу турларынан өткен 44 үміткер қатысты. Қатысушылар қытай тілінде шешендік өнерлерін, Қытай мәдениеті, әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін және қытай тілінде ән айтып, би орындап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасның 1 курс студенті Қанапияұлы Досхан бас жүлдені жеңіп алды. Осы жылы Досхан университет жанындағы Конфуций институының атынан түсті. Жетекшілік қылған институттың оқытушысы Базартай Жанар. 1 курсында осындай үлкен сайыста топ жарған Досханға үлкен жеңістерің мен марапаттарың әлі де алда болсын деп тілек айтамыз!
Басқа жаңалықтар
