- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының оқытушысы халықаралық ғылыми журналдың рецензенті атанды
Қытайтану кафедрасының оқытушысы халықаралық ғылыми журналдың рецензенті атанды
19 мамыр, 2025

ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Арыстанбек Ақылбай Scopus халықаралық дерекқорына енген Public Policy and Administration атты еуропалық ғылыми журналға рецензент ретінде шақырылды.
Аталған журнал мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, әкімшілік реформалар және мемлекеттік қызмет салаларындағы ғылыми зерттеулерді жариялайды. Қазіргі таңда Арыстанбек Ақылбай басылымға ұсынылған бірнеше ғылыми мақаланы сараптамадан өткізіп үлгерді.
Осындай беделді журналмен ынтымақтастық орнату — оқытушының ғылыми құзыреттілігі мен кәсіби деңгейінің мойындалуының көрінісі. Бұл сонымен қатар Қытайтану кафедрасының академиялық әлеуетін де айқындайды.
Басқа жаңалықтар

18 маусым, 2025