Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық ынтымақтастық: Вильнюс университетінде дәрісFarabi University

Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық ынтымақтастық: Вильнюс университетінде дәріс

6 мамыр, 2025

2025 жылдың 6–10 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушысы Кайранбаева Назым Erasmus+ бағдарламасы аясындағы оқытушыларға арналған мобильділік жобасы бойынша Вильнюс университетіне (Литва Республикасы) ғылыми сапар жасап қайтты.

Сапар барысында Вильнюс университетінің Азия және трансмәдени зерттеулер институтының студенттеріне дәрістер оқылып, түркі мәдениеті мен қазақ өркениетінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Мобильділік бағдарламасының негізгі мақсаты – түркітану және қазақ мәдениеті салаларындағы академиялық байланыстарды кеңейту, ғылыми ынтымақтастықты нығайту, білім беру саласындағы бірлескен жобаларды қолдау және ғылыми нәтижелермен алмасуға мүмкіндік жасау болды.

Сапар аясында Вильнюс университетінің академиялық ұжымымен екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту, бірлескен зерттеу және білім беру бастамаларын жүзеге асыру жолдары да талқыланды.

Н.Н.Кайранбаева

https://www.facebook.com/share/p/15CBUwKSFD/