Қытай студенттеріне арналған жазғы мектеп табысты аяқталды

2025 жылдың 17 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытайтану кафедрасы Нанцзин педагогикалық университетінің (ҚХР) студенттеріне арналған жазғы мектеп бағдарламасын сәтті аяқтады. Онлайн форматта өткен бұл білім беру жобасына барлығы 30 қытайлық студент қатысты.
«Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты курс студенттердің қызығушылығы мен сұраныстарына сай құрастырылып, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне ерекше назар аударды. Бұл тақырыптар шетелдік студенттердің зор қызығушылығын тудырды.
Оқыту барысында қатысушылар ежелгі Жібек жолының тарихи маңызы, қазақ халқының дүниетанымы, ұлттық тағамдары, дәстүрлі киім үлгілері мен ұлттық ойындары туралы мазмұнды ақпараттармен танысты.
Нанцзин педагогикалық университетінің студенттері бағдарламаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, болашақта осындай жазғы мектептерге тағы да қатысуға ниетті екендерін білдірді.
Басқа жаңалықтар
