ҚазҰУ мен PennState: білімдегі серіктестік
.jpg)
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде факультет басшылығы мен АҚШ-тың жетекші университеттерінің бірі — PennState University өкілдері арасында кездесу өтті.
Факультет атынан кездесуге декан Даулиева Галия Рахметовна, деканның орынбасары Ермекова Жанна Жандарбековна, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Смагулова Гульжихан Советбековна, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Қондыбаева Салтанат Канапияевна, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Сырлыбаева Назгуль Шенгелбаевна және «Экономика» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы қатысты. Кездесу барысында тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады: студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, докторанттарға бірлесіп ғылыми жетекшілік ету, PennState профессорларын факультетте дәріс оқуға шақыру, сондай-ақ қос дипломды бағдарлама ашу.
PennState University тарапынан кездесуге келесі өкілдер қатысты:
- Dr. Vlad Likholetov, PhD, MBA – PennState Университетінің әріптестік келісімдер және Еуразия елдерімен серіктестік бойынша директорының орынбасары.
- Dr. Phillip Jolly – PennState Университетінің бизнес басқару мектебінің доценті;
- Dr. Joon Yoon – PennState Университетінің Оқу және өнімділік жүйелері департаментіндегі Кәсіби білім беру және даму бағдарламасының доценті;
Кездесу жылы әрі сындарлы атмосферада өтті. Екі тарап та алдағы уақытта білім беру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екендерін білдірді.
Басқа жаңалықтар
